Құрметті Клиенттер,
Алаяқтық операцияларға жол бермеу үшін төмендегі сақтық шаралар туралы ақпаратты мұқият оқып шығуларыңызды сұраймыз.
Интернет-алаяқтықтан аулақ болу жолдары (Фишинг)
Екі рет басудан бұрын екі мәрте тексеріңіз
Интернет-алаяқтар Банк атынан сіздің жеке және банктік мәліметтеріңізді сұрайтын электрондық хаттарды жіберуі мүмкін.
Al Hilal Банкі ЕШҚАШАН электрондық пошта, SMS жіберу немесе қоңырау шалу арқылы, сіздің шотыңыздың нөмірі, Интернет-банкинг қолданушының аты / құпиясөзі немесе бір реттік код сияқты құпия ақпараттарды бөлісуіңізді сұрамайтынын сізге хабардар етеміз.
Не істеуге болады
Жеке немесе банктегі шоттар мен карталар туралы ақпараттарды сұрайтын кез-келген электрондық хаттарды қабылдау кезінде сақ болуға.
Жеке Интернет-банкинг кабинетіңізге тек https://alhilalonline.kz/ сілтемесі арқылы кіруге.
Карта нөмірлері сияқты ақпаратты тек қауіпсіз қарау механизмін (HTTPS) пайдаланатын және күй жолағында жабық құлыптау белгішесі бар веб-сайттарға енгізуге.
Шолғышты үнемі жаңартып отыруға және антивирустық бағдарламалық жасақтамада қауіпсіздіктің соңғы жаңартулары бар екеніне көз жеткізуге.
Не істеуге болмайды
«Al Hilal» Банкінің веб-сайтына кіру үшін электрондық пошта арқылы келген сілтемелерді басуға.
Сізден дереу жауап беруіңізді сұрайтын тиімді ұсыныстары бар фишингтік хаттарға жауап беруге.
Электрондық пошта жекелендірілен болса да, оның түпнұсқа екендігіне сенуге.
Жеке мәліметтеріңізді Al Hilal Банкіне электронды пошта арқылы жіберуге.
(!) Кез-келген алаяқтық жолмен ақша аудару әрекетін анықтаған болсаңыз, бізге тез арада ұялы телефоныңыздан 2330 қысқа нөміріне немесе +7 727 233 00 00 нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз.
Құпиясөзді сақтаңыз
Құпиясөздер сіздің ең жақсы сақталатын құпияңыз болуы тиіс
Құпиясөздер сіздің жеке куәлігіңізді растау үшін қолданылады. Жоғалған немесе жария болған құпиясөз сіздің жеке және банктік шоттар туралы мәліметтеріңізді сонымен қатар, әлеуметтік байланыстар мен хат алмасулар туралы ақпараттарыңызды дұрыс пайдаланбауға әкелуі мүмкін.
Не істеуге болады
Құпиясөзіңізді жүйелі түрде өзгертуге
Егер сізде Интернет-банкингтегі құпиясөзіңіздің бұзылғанына күдік туса, оны дереу өзгертіп және бұл туралы Банкке хабарлауға.
Интернет-банкинг жүйесіне кірген кезде Интернет-шолғышта автотолтыру немесе құпиясөзді сақтау параметрлерін өшіруге.Интернет-банкинг сайтынан шыққан кезде әрдайым Интернет-шолғыштың терезесін жабуға.
Не істеуге болмайды
PIN-кодты немесе құпиясөзді басқаларға, соның ішінде Банк қызметкерлеріне жария етуге. (Ескерту: Al Hilal Банкі бұл деректерді сізден ешқашан сұрамайды).
Туған күніңізді немесе атыңызды PIN немесе құпиясөз ретінде пайдалануға. Интернет құпиясөздері әріптік-сандық болуы тиіс.
Компьютерде құпиясөздерді сақтауға.
(!) Жеке мәліметтердің немесе қауіпсіздік мәселелерінің бұзылуы жайында бізге тез арада ұялы телефоныңыздан 2330 қысқа нөмірі немесе +7 727 233 00 00 нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз.
Телефондық алаяқтық (Вишинг)
Телефон арқылы құпия ақпаратты бөлісуден аулақ болыңыз.
Вишинг – телефон арқылы жузеге асатын алаяқтықтың түрі, яғни қаскүнемнің заңды ұйымдардың атынан ресми құжаттарға жеке мәліметтерді енгізу немесе сыйақы беру астарында нысанаға қоңырау шалуы.
Алаяқтар өздерін банктің қауіпсіздік менеджері ретінде таныстыруы қазіргі уақыттағы алаяқтықтың ең танымал схемасы. Олар үлкен көлемдегі күдікті транзакцияның анықталғанын хабарлап нысанадан жеке ақпараттарын алуды көздейді.
Алаяқтар сондай-ақ, қоңырауды заңды етіп көрсету мақсатында өздерінің автоматты анықтау нөмірін тіркелген нөмір ретінде корсетулері мүмкін.
Не істеуге болады
Телефоннан есептік жазба деректерін немесе басқа жеке мәліметті бөлісуді сұрайтын қоңырау шалушыға ақпарат беруден бас тартуға.
(!) Егер сізде осы жайында қандай да бір күмән туындаса, Al Hilal Банкінің байланыс орталығына бізге тез арада ұялы телефоныңыздан 2330 қысқа нөмірі немесе +7 727 233 00 00 нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз.
Не істеуге болмайды
Өзіңіздің картаңыздың нөмірін, құпия сөзді, CVV2 (картаңыздың артындағы үш таңбалы нөмір), PIN, бір реттік кодты немесе шот туралы ақпаратты телефон қоңыраулары арқылы беруге.
Есептік жазбадағы мәселені шешу үшін веб-сайтқа кіруді немесе телефон нөміріне қоңырау шалуды талап ететін дауыстық поштаға немесе қоңырауларға жауап беруге.
Есіңізде болсын, Al Hilal Банкі сізден ЕШҚАШАН бір реттік кодтар, құпия сөздер, PIN-кодтар және CVV2 сияқты жеке немесе карталық ақпараттармен бөлісуді сұрамайды.
(!) Жеке мәліметтердің немесе қауіпсіздік мәселелерінің бұзылуы жайында ұялы телефоныңыздан 2330 қысқа нөмірі немесе +7 727 233 00 00 нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз.
Банкомат қауіпсіздігі туралы кеңестер
Банкомат арқылы жасалатын транзакция қауіпсіздігі үшін келесі қарапайым қадамдарды орындаңыз.
Банкоматтар ыңғайлы және қолма-қол ақшаны тез алуға мүмкіндік бергенімен, банкоматтар арқылы жасалатын алаяқтықтың әр түрлі түрлері бар, соның ішінде:
Скимминг карталары - алаяқтар карта деректері мен PIN-кодтарды алу үшін банкоматтарға құрылғылар орнату арқылы жасалынатын алаяқтықтың түрі.
Иық үстінен қарау - бұл PIN кодты енгізген кезде алаяқтар иықтың үстінен қарап, жазып алуы.
Операциялық есеп айырысу-кассалық орталықтары - алаяқтар туристерді кассалық терминалдар секілді құрылғылардан қолма-қол ақша алу үшін жергілікті сатушыларға бағыттайды. Содан кейін сатушы карта деректерін көшіреді сонымен қатар, карта иесінің PIN-кодын алу үшін жалған PIN-код енгізу құрылғысын пайдаланады. Бұл деректер кейіннен жалған карталардан қолма-қол ақшаны заңсыз алу үшін қолданылады.
Не істеуге болады
Банкоматты жалғыз қолдануға және ПИН-кодты енгізген кезде пернетақтаны қолыңызбен жабуға.
Банкоматта кептелген немесе шығарылған карталар туралы және банкоматта жоғалған карталар туралы дереу Банкке хабарлауға.
Бірегей PIN-кодтарды орнатуға және оларды мезгілімен өзгертуге.
Карта оқу құрылғысына қосымша құрылғылардың қосылмағанына көз жеткізуге.
Не істеуге болмайды
ПИН-кодты кез келген адамға, соның ішінде отбасы мүшелеріне немесе банк қызметкерлеріне көрсетуге.
Банкоматта бейтаныс адамдардан көмек сұрауға.
PIN-кодты оңай әрі қол жетімді болатындай етіп жазып алуға.
Сіздің туған күніңіз немесе телефон нөміріңіздің соңғы төрт саны сияқты нөмірлерді қолдануға.
Экраны бос банкоматты қолдануға.
(!) Кез-келген алаяқтық жолмен ақша аудару жүзеге асырылғанын немесе әрекетін анықтаған болсаңыз, бізге тез арада ұялы телефоныңыздан 2330 қысқа нөміріне немесе +7 727 233 00 00 нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ