Уважаемые Клиенты, Поставщики и Заинтересованные стороны,

Мы обращаем ваше внимание на наше недавнее объявление о ребрендинге АО “Исламский банк “Al Hilal” в АО “Исламский банк “ADCB” и на нашу стратегию по расширению деятельности в Центральной Азии в соответствии со стратегией Группы ADCB в этом регионе.

В связи с этим ребрендингом мы хотели бы сообщить вам, что наш текущий веб-сайт будет деактивирован. Пожалуйста, посетите новый сайт Исламского Банка ADCB по этой ссылке: www.adcb.com/ru/kazakhstan/business/, где вы найдете более подробную информацию и полный текст нашего объявления об обновленной стратегии и ребрендинге.

Спасибо, что остаетесь с нами, и мы с нетерпением ждем продолжения нашего сотрудничества.

С уважением,
Исламский Банк ADCB
Сіздің қалаңыз

Өзіңіздің қалаңызды немесе сізге жақын қаланы таңдаңыз

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Кері байланыс

Мұнда Сіз өз хабарламаңызды қалдыра аласыз.



Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

САТЫП АЛУ

Сату

USD
EUR
AED
413
484
112
418
491
114
Өтініш беру

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Жол жүру картасы
Онлайн қолдау





Алматы

Ұялы телефон
kz
ru en

Ислам банкингі

Ислам банкингі — Шариғат заңдары мен ережелеріне негізделген банктік жүйе. Исламдық банкингтің негізгі қағидаттары — пайда мен шығынның бөлінуі, пайызға тыйым салу, ақша айырбас құралы және құн өлшемі болып табылады. Исламдық қаржы институттары өз қызметін жүзеге асыру барысында Шариғаттың қағидаттары мен ережелерін және әдеп қағидаттарын ұстануға міндетті.

Ислам банкінің дәстүрлі банктен айырмашылығы клиенттерге банктік қызметтер мен өнімдерді ұсынғанда әдеп қағидаттарын ұстануында.

Сондай-ақ, ислам банктерінде тәуелсіз бақылау органы — Шариғат Кеңесі бар, ол банктің оқшауланған тәуелсіз құрылымы болып табылады. Кеңестің қызметі мен міндеттері Банк жарғысында және Қазақстанның ислам банктерінің қызметін реттейтін заңнамасында анықталады. Шариғат Кеңесінің міндеттеріне банктік қызметті жүргізуде Шариғат қағидаттары мен ережелерінің сақталуын бақылау кіреді. Ислам банкіндегі барлық банктік үрдістер мен операциялар Шариғат Кеңесімен мақұлдануы тиіс. Шариғат Кеңесі өнімдер мен қызметтердің Шариғаттың қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігін анықтайтын ақырғы орган болып табылады.

Ислам банкингінің негізгі қағидаттары:

  • Банк пен клиенттің серіктестігі (пайда мен шығынды бөлу);
  • Ақша – сатылатын зат емес, ол айырбас және құнның өлшем құралы;
  • Шарттың мәні мен оның талаптарына (гарар) қатысты тұрлаусыздыққа тыйым салу;
  • Кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінде пайда көруге тыйым салу (майсир): құмар ойындар, туынды қаржы құралдарымен (деривативтермен) ұтыс тігу және операциялар жасау;
  • Шариғат қағидаттарына сай белгілі бір қызмет түрлерін қаржыландыруға тыйым салу: темекі, алкоголь, қару-жарақ өндірісін, есірткі заттарын, сонымен қатар порнография мен ойын бизнесін таратуға қатысты қызметтерді (харам);
  • Өзгенің меншігін иемденуге тыйым салу;
  • Қарызды сатуға тыйым салу.

Бүгінгі таңда ислам банктері барлық дәстүрлі банктік операцияларды атқарады деуге болады: ағымдағы және жинақ шоттарын, депозиттер ашады; қаржыландыру өнімдерін ұсынады; кассалық қызметтер, төлемдер жасайды, қаражат аударады, қазыналық қызметтер көрсетеді және т.б., экономиканың түрлі салаларына - өндіріске, саудаға, ауыл шаруашылығына - Шариғатта рұқсат етілген дәрежеде инвестиция құяды.