«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ (Al Hilal банкі) – 2010 жылы Қазақстан Республикасы мен БАӘ Үкіметтерінің келісімімен Шариғат ережелері мен қағидаттарына сай инновациялық банктік өнімдер мен қызметтер ұсыну мақсатында құрылған Қазақстан және ТМД-дағы алғашқы ислам банкі.
Қазақстандағы Al Hilal Bank – БАӘ-дегі ең ірі банктік топтардың бірінен саналатын Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) тобының бір бөлігі. Абу-Даби үкіметінің негізгі тәуелсіз әл-ауқат қорларының бірі Mubadala Investment Company ADCB Group мажоритарлық акционері болып табылады.
ADCB тобы Абу-Даби қор биржасында жария листингіленеді және Fitch Ratings агенттігінен А+, ал Standard & Poor's агенттігінен А жоғары кредиттік рейтингіне ие.
Бастапқыда Қазақстандағы Al Hilal банкі корпоративтік секторда шоғырланып, исламдық қаржылық шешімдерді ірі және орта бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынды.
Корпоративтік клиенттермен 7 жыл бойы табысты жұмыс істегеннен кейін 2017 жылы Банк бөлшек бизнесті іске қосты. Сөйтіп, қазіргі уақытта Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы филиалдары арқылы банктік өнімдер мен қызметтердің барлық түрлерін: ағымдағы шоттар, депозиттер, қаржыландыру өнімдері, кассалық есеп айырысу қызметі, қазынашылдық қызметтер және т.б. ұсынады.
Біздің миссиямыз
Клиенттермен ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынас құру, ол үшін:
•Әрбір клиенттің ыңғайын табу
•Инновациялық өнімдер мен сапалы қызмет ұсыну
•Клиенттерге әрқашан таңдау мүмкіндігін беру
Біздің мақсатымыз
•Қазақстандағы №1 ислам банкі болу
•Адал әрі үнемі инновациялар енгізіп отыратын, клиенттеріміз, бәсекелестеріміз және қоғамымыз құрмет тұтатын қаржылай табысты ұйым болу
Біздің құндылықтарымыз
•Адалдық: біз ешкім қадағаламаса да, дұрыс жасаймыз
•Қамқорлық: біз өз қызметкерлерімізді қорғаймыз және өзімізге жүктеген міндеттерді атқарамыз
•Мақтанышымыз: біз күнде ең үздік болуға талпынамыз
•Құрмет: біз өзіміздің көп түрлі болғанымызды бағалаймыз
•Тәртіп: біз әрқашан дұрыс әрекет жасаймыз