Мудараба депозиті – сенімді әрі тиімді инвестициялау
Мудараба депозиті қалай жұмыс істейді:
- Клиент өз қаражатын Банктің басқаруына сеніп тапсырады;
- Банк өзінің білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, бұл қаражатты мұқият іріктелген жобаларға инвестициялайды;
- Түскен пайда Клиент пен Банк арасында бөлінеді.
Мудараба депозитінің артықшылықтары:
- Топтың жоғары рейтингімен расталған сенімділік*;
- Жоғары табыстылық;
- Шариғат ережелері мен қағидаттарына сай келетін жобаларға инвестициялау;
- Айрықша шарттармен тегін шығарылып, тегін қызмет көрсетілетін Gold дебет картасы**.
Мудараба депозиті бойынша шарттар:
- Валютасы: теңге немесе АҚШ доллары;
- Ең төменгі сомасы: 150 000 теңге немесе 500 АҚШ доллары;
- Орналастыру мерзімдері: 1, 3, 6, 12, 24 ай;
- Депозит бойынша табыс: ай сайын***;
- Қосымша жарналар: қарастырылмаған;
- Қаражатты ішінара шешіп алу: қарастырылмаған.
2020 жылдың 1 қарашадан бастап Мудараба шарты бойынша Банк пен Клиенттің арасында пайданы бөлу пропорциялары:
Валюта | Үлес | Салым (ай) | ||||
1 | 3 | 6 | 12 | 24 | ||
KZT | Клиент Банк |
25% 75% |
27% 73% |
30% 70% |
55% 45% |
60% 40% |
USD | Клиент Банк |
10% 90% |
15% 85% |
20% 80% |
40% 60% |
42% 58% |
*ADCB PJSC ұзақмерзімді кредиттік рейтингі: Fitch Ratings бойынша А+ және Standard & Poor's бойынша А.
**Салымшыларға карталар бойынша арнайы тарифтер
***Мудараба келісім-шартының талаптарына сай
Мудараба депозитінің табыстылық тарихын Құжаттар бөлімінде көре аласыз.
Мудараба депозитін ашу үшін жеке басын куәландыратын құжатпен Банктің Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан филиалдарының біріне бару керек.
Мудараба депозитінің шарттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін Келісім-шартпен танысуыңызға, Банктің Байланысу орталығымен немесе Банктің филиалдарымен байланысуыңызға болады.