Сіздің қалаңыз

Өзіңіздің қалаңызды немесе сізге жақын қаланы таңдаңыз

Осы өтініш Клиенттің/Банктің офертасы/құптамасы болып табылмайды. Клиент қаржыландыру шарттарымен танысуы қажет.

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.



Ұйғарынды форматтар jpg, png, jpeg. Файлдың максималды мөлшері 3 мб.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Кері байланыс

Мұнда Сіз өз хабарламаңызды қалдыра аласыз.



Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

САТЫП АЛУ

Сату

USD
EUR
AED
413
484
112
418
491
114

Өтініш беру

Осы өтініш Клиенттің/Банктің офертасы/құптамасы болып табылмайды. Клиент қаржыландыру шарттарымен танысуы қажет.

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.




Файлдардың максималды мөлшері 15 мб

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Жол жүру картасы

Онлайн қолдау






Алматы

Ұялы телефон
kz
ru en

Корпоративтік клиенттерге

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірге шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша тиімді және ыңғайлы шешімдер

Қаржыландыру шарттары:  
•Кемінде 3 жыл бойы жұмыс істеп тұрған бизнес.
•Бизнес ҚР заңнамасына сай шағын және орта кәсіпкерлік анықтамасына сай болуы тиіс (қызметкерлердің саны жылына орта есеппен 250 адамнан аспау керек, жылдық орташа табысы 3 млн. АЕК аспауы тиіс). ЖК бағдарламаға қатыспайды.
•Айналымға қатысты қойылатын талаптар жоқ. Банк қаржыландыру туралы шешім қабылдау үшін қаржылық есептілікті талдаудан өткізеді.
•Экономиканың Шариғат ережелері мен қағидаттарына сай келетін кез келген саласы қаржыландырылады (төменгі жақты қараңыз).
•Қаржыландырылатын бизнес соңғы 3 жыл бойы табысты болуы тиіс. 

Негізгі талаптар:
•Қаржыландыру валютасы: теңге
•Қаржыландыру сомасы: 2 млрд. теңгеге дейін
Қаржыландыру мақсаты:
•Инвестициялар (жылжымайтын мүлік, құрал-жабдық, арнайы техника және көлік құралдары)
•Айналым капиталын/айналым қаражатын қаржыландыру
Қаржыландыру мерзімі:
•Инвестициялау мақсатына – 84 айға дейін
​•Айналым капиталын/айналым қаражатын қаржыландыруға – 36 айға дейін

Банк қорытынды қаржыландыру мерзімін жобаны егжей-тегжей қарастырған соң бекітеді.
Банк максималды қаржыландыру сомасын жобаны егжей-тегжей қарастырған соң бекітеді.
Банк қаржыландыру мөлшерлемесін жобаны егжей-тегжей қарастырған соң бекітеді.
Бұл алдын ала қаржыландыру талаптары болып табылады және Банк оларды бір жақты тәртіппен өзгертуі мүмкін. Бұл басылым офертаға жатпайды.

Қаржыландыру келесі мақсаттар үшін берілмейді

• қосалқы лизингке
• заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға
• бұрын жасалған шығынды өтеуге, жеке және (немесе)заңды тұлғалардан қаржылық көмек алуға байланасты туындаған  берешекті төлеуге
• тұтынушылық несиелендіруге
• қаржыландырумен айналысатын басқа ұйымдардан алынған күші бар заемдарды қайта қаржыландыруға, ішкі қайта қаржыландыруды есепке алмағанда
• құрылтайшыларға дивидендтер төлеуге
• шаруашылық қызметтің шығынын өтеуге
• сенімді тұлғалардың (агенттердің) қызметтерін төлеуге
• қаржыландыруға байланысты комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді төлеуге
• құнды қағаздар алуға (портфельдік инвестициялар)
• оффшорлық аймақтарда тіркелген/ашылған контрагенттердің заңды мекенжайы және/немесе банктік шотының деректемелері туралы ақпарат бар кез келген келісім-шарттарды/ мәмілелерді/ келісімдерді төлеуге
• үлестес тұлғалардан негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға
• Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сай жалған немесе көлгірлік белгілері бар мәмілелерді төлеуге
• темекі, ішімдік өнімдерін, шошқа өсіру шаруашылығының өнімдерін және  моторлы көлік құралдарын шығаруды қажет ететін ату жарақтарын өндіруге және (немесе) саудалауға байланысты шығаруды және көтерме саудалауды қажет ететін мақсаттарға
• қару-жарақты (оның ішінде қару-жарақ өндіруге арналған құрамдас бөлшектерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған өзге мүлікті өндіру немесе жеткізу қарастырылған жобаларды жүзеге асыруға
• құмар ойын бизнесін ұйымдастыру/ дамыту қарастырылған жобаларды жүзеге асыруға
• лаңкестік және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған кез келген басқа іспен айналысу қарастырылған жобаларды жүзеге асыруға
• қаражатты шетелдік валютаға ішінара/толық айырбастауға, осы ретте осындай айырбастау күнінде жобаның мақсатына сай айырбастау сомасына негізгі құрал-жабдықты сатып алу мәмілесін/алдын ала мәмілені/келісім-шартты жасау туралы тиісінше мәміле (келісім-шарт)/шекті келісім/ниеті туралы хат болмаса

Қаржыландыру келесі субъектілерге берілмейді

• акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50% немесе одан да көп бөлігі тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар құрылтайшылары болып табылатын бизнестер
• коммерциялық емес ұйымдар
• шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар немесе қазыналық кәсіпорындар
• заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер
• Қазақстан Республикасының заңнамасына сай ірі кәсіпкерлік субъектілері
• жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын бизнестер

Толық ақпарат және кеңес алу үшін Сіз қаржыландыруға өтінім жасай аласыз.