Уважаемые Клиенты, Поставщики и Заинтересованные стороны,

Мы обращаем ваше внимание на наше недавнее объявление о ребрендинге АО “Исламский банк “Al Hilal” в АО “Исламский банк “ADCB” и на нашу стратегию по расширению деятельности в Центральной Азии в соответствии со стратегией Группы ADCB в этом регионе.

В связи с этим ребрендингом мы хотели бы сообщить вам, что наш текущий веб-сайт будет деактивирован. Пожалуйста, посетите новый сайт Исламского Банка ADCB по этой ссылке: www.adcb.com/ru/kazakhstan/business/, где вы найдете более подробную информацию и полный текст нашего объявления об обновленной стратегии и ребрендинге.

Спасибо, что остаетесь с нами, и мы с нетерпением ждем продолжения нашего сотрудничества.

С уважением,
Исламский Банк ADCB
Сіздің қалаңыз

Өзіңіздің қалаңызды немесе сізге жақын қаланы таңдаңыз

Осы өтініш Клиенттің/Банктің офертасы/құптамасы болып табылмайды. Клиент қаржыландыру шарттарымен танысуы қажет.

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.


Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Кері байланыс

Мұнда Сіз өз хабарламаңызды қалдыра аласыз.



Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

САТЫП АЛУ

Сату

USD
EUR
AED
413
484
112
418
491
114
Өтініш беру

Осы өтініш Клиенттің/Банктің офертасы/құптамасы болып табылмайды. Клиент қаржыландыру шарттарымен танысуы қажет.

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.



Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Жол жүру картасы
Онлайн қолдау





Алматы

Ұялы телефон
kz
ru en
Корпоративтік клиенттерге

Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сай бизнесті қаржыландыру бойынша тиімді және ыңғайлы шешімдер

Тауарлық Мурабаха — сатып алу және сату негізіндегі қаржыландыру мәмілесі, ол бойынша Банк брокерден шикізат тауарын сатып алып, оны Мурабаха шарты бойынша Клиентке алдын ала келісілген үстеме бағамен сатады, үстеме баға бір реттік сома немесе тауар құнының пайызы түрінде есептеледі. Мурабаха шартына қол қойылғаннан кейін Клиент шикізат тауарын үшінші тараптың брокеріне сатуды жүзеге асырады, осы ретте Банк делдал ретінде әрекет етеді.

Тауарлық Мурабаханың мәні алтын және күміс бола алмайды.

Бұл қалай жұмыс істейді:

  • Банк 1-брокерден шикізат тауарын дереу төлеу және жеткізу шартымен сатып алады. Тауарды иемденуге байланысты тәуекелдер мен меншік құқығы Банкке өтеді.
  • Банк пен Клиент мерзімі ұзартылған төлемдер және үстеме баға шарттарымен тауарды дереу беру үшін сатып алу-сату шартын (Мурабаха) жасайды және үстеме бағаның мөлшері бір реттік сома немесе тауар құнының пайызы түрінде есептеледі. Мурабаха шартына қол қойылғаннан кейін тауарға қатысты меншік құқығы Клиентке өтеді.
  • Тауар сатып алынғаннан кейін Клиент дереу төлеу және жеткізу шартымен оны Банк арқылы 2-брокерге сатады. Банк делдал ретінде әрекет ете отырып, Клиенттің сату туралы ұсынысын 2-брокерге ұсынады.
  • Тауар сатылғаннан кейін Банк Клиенттің шотына 2-брокерден алынған ақша қаражатын есептеп салады.
  • Клиент келісілген кесте бойынша мерзімі ұзартылған төлемдерді банкке бөліп-бөліп аударып отырады.

Шариғатқа сәйкес шарттар:

  • Мурабаха шартының мәні бола алмайтын тауарлар: алтын, күміс, валюта;
  • Клиентпен сатып алу-сату шарты (Мурабаха) жасалғанға дейін тауар Банктің меншігінде болуы тиіс.
  • Банк клиентке тауардың сатып алынатын құнын, тауарды сатып алумен байланысты барлық шығындардың сомасын және өзінің үстеме құнын ашуға міндетті.

Қаржыландыру критерийлері:

  • Темекі және алкоголь өндірісін, ойын бизнесін, қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісін және Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сай келмейтін өзге салаларды қоспағанда, экономиканың кез келген секторы қаржыландырылады.
  • Компания кемінде үш жыл жұмыс істеген болуы тиіс. Мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы құрылымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларды қоспағанда, жекелеген бастапқы жобалар қаржыландырылмайды.
  • Жоба иесінің қатысу үлесі инвестициялық жоба құнының 20%-нан кем болмауы тиіс.
  • Компанияның қызмет көрсететін банктерде мерзімі кешіктірілген берешегі болмауы тиіс.
  • Қаржыландыру мерзімі — жобаның типі мен индустрияның ерекшелігіне қарай 7 жылға дейін.
  • Қаржыландырылатын бизнес соңғы үш жылдың ішінде табысты болуы тиіс.