Вакала депозиті — сенімді әрі тиімді инвестициялау
Вакала депозиті қалай жұмыс істейді:
- Клиент өз қаражатын Банктің басқаруына сеніп тапсырады;
- Банк өзінің білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, бұл қаражатты мұқият іріктелген жобаларға инвестициялайды;
- Түскен пайда Клиент пен Банк арасында бөлінеді.
Вакала депозитінің артықшылықтары:
- Топтың жоғары рейтингімен расталған сенімділік*;
- Жоғары табыстылық;
- Шариғат ережелері мен қағидаттарына сай келетін жобаларға инвестициялау;
- Айрықша шарттармен тегін шығарылып, тегін қызмет көрсетілетін Gold дебет картасы**.
Вакала депозиті бойынша шарттар:
- Валютасы: теңге немесе АҚШ доллары;
- Ең төменгі сомасы: 150 000 теңге немесе 500 АҚШ доллары;
- Орналастыру мерзімдері: 1, 6, 12, 24 ай;
- Депозит бойынша табыс: келісім-шарт мерзімінің соңында***
- Қосымша жарналар: шектеусіз;
- Ішінара алу: қарастырылмаған.
2022 жылдың 1 шілдеден бастап депозит бойынша болжалды табыс:
Валютасы | 1 | 6 | 12 | 24 |
KZT | 8% | 9% | 12% | 10% |
USD | 1% | 1.5% | 1.5% |
*ADCB PJSC ұзақмерзімді кредиттік рейтингі: Fitch Ratings бойынша А+ және Standard & Poor's бойынша А.
**Салымшыларға карталар бойынша арнайы тарифтер
***Вакала келісімінің талаптарына сай
Вакала депозитін ашу үшін жеке куәлігіңізбен Банктің Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында орналасқан филиалдарының біріне бару керек.
Вакала депозитінің шарттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін Вакала Келісімімен танысуыңызға, Банктің Байланысу орталығымен немесе Банктің филиалдарымен байланысуыңызға болады.