Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сай бизнесті қаржыландыру бойынша тиімді және ыңғайлы шешімдер
Иджара – бұл дәстүрлі лизингтің исламдық аналогы, ол бойынша Банк мүлікті сатып алып, Клиентпен лизинг шартын жасайды. Лизинг мерзімінде мүлікке қатысты меншік құқығы және оны иемденуге байланысты барлық тәуекелдер Банкке өтеді.
Төлем жасау ыңғайлылығы: төлемдердің мөлшері мен кестесі лизинг шартында алдын ала келісіледі.
Банк клиенттерге лизингтің келесі түрлерін ұсынады:
- Мүлікке қатысты меншік құқығы кейін табысталатын банктік лизинг.
- Сатып алу және қайтарымды лизинг – кейіннен мүлікке қатысты меншік құқығын табыстаумен жалға кері беру.
- Құрылысы жүргізіліп жатқан немесе жоспарланған жылжымайтын мүлікке қатысты меншік құқығының кейіннен берілуімен Форвардтық Иджара.
Банк менеджерімен кеңесіп, өзіңізге ыңғайлы лизинг түрі мен төлем кестесін таңдаңыз.
Бұл қалай жұмыс істейді?
- Клиент өз бетінше лизинг мәнін (мүлік) және лизинг мәнін жеткізушіні анықтайды. Клиент лизинг мәні мен жеткізуші туралы бүкіл ақпаратты ұсына отырып, Банкке қаржыландыру үшін жүгінеді.
- Банк шарттарды, бағасын қарайды және Банк лизинг мәнін сатып алғаннан кейін лизинг шартын жасау туралы Клиенттің жазбаша міндеттемесін алады.
- Банк өз есебінен жеткізушіден лизинг мәнін сатып алады.
- Банк Клиенттен лизинг мәнінің төлемі есебіне жатқызылатын бастапқы жарнаны салуын талап етуге құқылы.
- Банк Клиентпен жасалған шарт бойынша лизинг мәнін белгілі мерзімге лизингке алады. Лизинг мәні жеткізіліп, Клиент узуфрукттан* пайда ала бастаған сәттен бастап, Клиент лизинг шартының талаптарына сәйкес лизинг төлемдерін жасайды. Лизинг төлемдері лизинг мәнінің құнынан — тиянақталған бөліктен, Банктің пайдасынан — құбылмалы бөліктен және қосымша бөліктері болып табылатын өзге шығындардан құралады.
- Лизинг мерзімі аяқталған сәтте және Клиент шарт бойынша барлық міндеттемемелерді орындайтын болса, Банк лизинг мәнін атаулы құны бойынша сату жолымен немесе сыйға тарту шарты бойынша Клиенттің меншігіне табыстайды.
Шариғатқа сәйкес шарттары:
- Лизинг шарты жасалғанға дейін мүлік немесе тауар Банктің меншігі болуы тиіс. Лизинг төлемдері – лизинг бұйымы Клиенттің пайдалануы үшін немесе узуфрукт үшін қолжетімді болған кезде басталады.
- Кейбір жағдайларда Иджара – лизинг мәні банк меншігінде болмай тұрғанда, лизинг мәнінің қасиеттері мен сипаттамасы негізінде жасалуы мүмкін. Бұл ретте лизинг төлемдері – лизинг мәні Клиенттің пайдалануы үшін немесе узуфрукт үшін қолжетімді болған кезде басталады. Мұндай жағдайда Банк Истисна** шарты бойынша лизинг мәнін Клиентпен жасалған шарт шеңберінде қасиеттері мен сипаттамасына қатаң түрде сәйкестікпен сатып алады. Егер жеткізу сәтінде лизинг мәні лизинг шартына сәйкес қасиетіне және сипаттамаға сай келмейтін болса, Клиент лизинг мәнін қабылдаудан бас тартып, тиісті лизинг мәнін талап етуге құқылы болады.
- Мүлік немесе тауар лизингі шарты бойынша қасиеті мен сипаттамасына нақты сәйкес келуі үшін Банк Клиентті құрылыс немесе өндірістік жұмыстарын тексеру, лизинг бұйымын жеткізу, монтаждау және пайдалануға беру бойынша агент етіп тағайындауы мүмкін.
Қаржыландыру критерийлері:
- Темекі және алкоголь өндірісін, ойын бизнесін, қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісін және Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сай келмейтін өзге салаларды қоспағанда, экономиканың кез келген секторы қаржыландырылады.
- Компания кемінде үш жыл жұмыс істеген болуы тиіс. Мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы құрылымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларды қоспағанда, жекелеген бастапқы жобалар қаржыландырылмайды.
- Жоба иесінің қатысу үлесі инвестициялық жоба құнының 20%-нан кем болмауы тиіс.
- Компанияның қызмет көрсететін банктерде мерзімі кешіктірілген берешегі болмауы тиіс.
- Қаржыландыру мерзімі — жобаның типі мен индустрияның ерекшелігіне қарай 7 жылға дейін.
- Қаржыландырылатын бизнес соңғы үш жылдың ішінде табысты болуы тиіс.
*Узуфрукт — үшінші тұлғаның жалға алынған мүлігін пайдаланудан көрген пайда. Пайдалану барысында жойылуы мүмкін емес заттар узуфрукт мәні болуы мүмкін.
**Истисна — жеке белгілерімен анықталған қолдан жасалған бұйымдарды сату-сатып алу шартының түрі