Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сай бизнесті қаржыландыру бойынша тиімді және ыңғайлы шешімдер
Корпоративтік Мурабаха — тауарды сатып алу және сату негізінде қаржыландыру жөніндегі мәміле, ол бойынша Банк Мурабаха мәні болып табылатын тауарды сатып алып, өз меншігіне алады да, кейіннен оны Клиентке төлем мерзімін ұзарта отырып және алдын ала келісілген үстеме бағамен қайта сатады, үстеме бағаның мөлшері тауар құнының пайызы немесе тиянақталған сома түрінде есептеледі.
Клиент тауарды алып, ыңғайлы және алдын ала келісілген төлем кестесі бойынша төлем жасайды.
Толық ашықтық: тауардың құны мен Банктің үстеме бағасы шартта нақты белгіленеді.
Бұл қалай жұмыс істейді:
- Клиент тауарды және жеткізушіні таңдайды.
- Клиент Банкке жүгініп, тауар мен таңдалған жеткізуші туралы бүкіл ақпаратты ұсынады және Банкке жеткізушінің баға ұсынымын береді.
- Банк дереу жеткізу шартымен тауарды жеткізушіден сатып алады. Тауарды иемденуге байланысты меншік құқығы мен тәуекелдер банкке өтеді.
- Банк пен Клиент тауарды Клиентке сату үшін сатып алу-сату шартын (Мурабаха) жасайды. Тауардың бағасы тауардың жеткізушіден сатып алынған құны мен Банктің үстеме бағасынан құралады.
- Мурабаха шартына қол қойылып, тауарды Клиентке берген соң тауар Клиенттің меншігіне өтеді. Клиент келісілген кесте бойынша мерзімі ұзартылған төлемдерді банкке аударып отырады.
Шариғат бойынша шарттары:
- Клиент Банкке тауарды сата алмайды, сондай-ақ, Банк те Клиенттен тауарды сатып алып, оны дәл сол Клиентке сата алмайды. Жеткізуші Клиентпен ешқандай өзара қатынасы жоқ үшінші тұлға болуы тиіс.
- Тауар ретінде алтын, күміс және валюта қолданыла алмайды.
- Банк тауарды сатып алып, Банк пен Клиенттің арасында сатып алу-сату шарты (Мурабаха) жасалғанға дейін тауар Банктің меншігінде болуы тиіс.
- Мурабаха сенімгерлік мәміле болғандықтан, Банк Клиентке тауардың сатып алынатын құнын, тауарды сатып алумен байланысты барлық шығындардың сомасын және өзінің үстеме құнын ашуға міндетті.
Қаржыландыру критерийлері:
- Темекі және алкоголь өндірісін, ойын бизнесін, қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісін және Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сай келмейтін өзге салаларды қоспағанда, экономиканың кез келген секторы қаржыландырылады.
- Компания кемінде үш жыл жұмыс істеген болуы тиіс. Мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы құрылымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларды қоспағанда, жекелеген бастапқы жобалар қаржыландырылмайды.
- Жоба иесінің қатысу үлесі инвестициялық жоба құнының 20%-нан кем болмауы тиіс.
- Компанияның қызмет көрсететін банктерде мерзімі кешіктірілген берешегі болмауы тиіс.
- Қаржыландыру мерзімі — жобаның типі мен индустрияның ерекшелігіне қарай 7 жылға дейін.
- Қаржыландырылатын бизнес соңғы үш жылдың ішінде табысты болуы тиіс.