Гордон Хаскинс Al Hilal Банкінің командасына 2017 жылы басқарма төрағасы ретінде қосылды. Банк және қаржы салаларындағы тәжірибесі — 25 жылдан астам. Банкке келгенге дейін Гордон Хаскинс RBS Kazakhstan компаниясында атқарушы директор, басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызмет еткен. Сондай-ақ, RBS Group тобында EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) аймағының қарыз капиталы және тәуекелдерді шешу жөніндегі бас операциялық директоры лауазымында болған. Гордон Хаскинс RBS Group тобында 13 жылдан астам уақыт жұмыс істеген, соның ішінде топтың заңнамадағы өзгерістер және әрекет ету жөніндегі басқарушы директоры, секьюритизация және қамтамасыз етілген корпоративтік қарыздар бойынша мәмілелерді орындау бөлімшесінің басшысы лауазымдарында қызмет еткен. Одан бұрын 12 жыл бойы Лондондағы Clifford Chance компаниясында және Канададағы Davis & Co компаниясында заңгер ретінде жұмыс істеген.
Гордон Хаскинс Британдық Колумбия Университетінің тарих және саясат бакалавры дәрежесіне (1987) және Торонто Университетінің құқық магистрі дәрежесіне (1991) ие.