Біз клиенттерімізге ең үздік өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін команданың кәсіпқой болуы қандай маңызды екенін түсінеміз.
Сол себепті біз мақсатымызды құптайтын және бізбен бірге дамуды қалайтын дарындарды іздеуді тоқтатпаймыз.
Біз идеяларды, инновацияларды, ең үздік тәжірибелерді, ұдайы жетілуді және дамуды құп көреміз. Біздің Банктегі бос орындардың сипаттамасын hh.kz, jobs.kz және hr.bolashak.kz порталдарынан көрулеріңізге болады. Егер сізді бос орындардың бірі қызықтырып, біздің команданың мүшесі болғыңыз келсе, өзіңіздің түйіндемеңіз бен ілеспе хатыңызды hr@alhilalbank.kz поштасына жіберіңіз.
Ілеспе хатта келесі сұрақтардың жауабы болуы тиіс:
- Сізді қай бос орын қызықтырады?
- Сіз неліктен осы лауазымға өтінім білдірдіңіз
- Неліктен өзіңізді осы орынға лайықтымын деп ойлайсыз?
Лауазымға қойылатын талаптарға сай келмейтін және ілеспе хатсыз жіберілген түйіндемелер қарастырылмайтынын ескертеміз.