Сауд Әл Жассим мырза Банктің Директорлар кеңесіне 2019 жылы қосылды. Сонымен бірге Сауд Әл Жассим мырза Al Hilal Bank PJSC (БАӘ) Директорлар кеңесінің мүшесі.
Сауд Әл Жассим мырза корпоративтік банкинг, активтерді басқару, сауда-саттық қаржыландыру және аудит саласында 17 жылдық тәжірибеге ие, аймақтың бірқатар жетекші банктерінде әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткен және қазіргі уақытта ADCB тобының БАӘ үкіметтік ұйымдарымен жұмыс жасау бағытына жетекшілік етеді.
Бұдан бұрын Дубайдағы және Солтүстік Әмірліктердегі үкіметтік ұйымдармен, сондай-ақ, транзакциялық банкингтегі стратегиялық клиенттермен жұмыс саласына басшылық еткен.
Қызметіне алғаш кіріскен уақытта Emirates NBD активтерін басқарумен және клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқарумен айналысқан, сонымен қатар Standard Chartered Bank (SCB) банкінде Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Африка аймақтарындағы ішкі аудит департаментінде, сондай-ақ, халықаралық корпоративтік клиенттермен жұмыс департаментінде 7 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен.
Сауд Әл Жассим мырза Лондон бизнес мектебінің (Ұлыбритания) іскерлік әкімшілік ету магистрі және Дрексел Университетіндегі (Филадельфия, АҚШ) қаржы саласындағы ғылым бакалавры дәрежесіне ие.
- Банк туралы
-
Жеке клиенттерге
-
Ақша операциялары
- Кассалық қызмет көрсету
- Аударымдар
-
Карталар
- Дебет карталары
- Дебет Хадж картасы
- Корпоративтік клиенттерге
- Интернет банкинг
-