Құрметті Клиенттер,
Құрметті Клиенттер,
Сіздерге қаржыландыру өнімдері, оның ішінде исламдық ипотека бойынша ай сайынғы төлемдерді дебет картасы арқылы да төлеуге болатынын хабарлаймыз.
Ай сайынғы төлем картадан төлем кестесіне сай автоматты түрде шешіліп отырады.
Картаны ай сайынғы төлем жасалатын күннен кешіктірмей, cash-in қызметі бар Halyk Bank банкоматтар желісі арқылы немесе Қазақстандағы кез келген банктің картасынан аударым жасап толықтыру керек.
Карта бойынша қызмет көрсету шарттары:
•Картаны шығару және қызмет көрсету – тегін;
•Қазақстанның банкоматтарынан 350 000;
теңгеге дейін қолма-қол ақша алу - тегін, одан асқанда – 0,5%;
•Бүкіл әлем бойынша банкоматтардан қолма-қол ақша алу – 500 теңге, БАӘ-де – тегін;
•alhilalonline интернет банкингі арқылы сатып алу және төлемдер жасау – 0 теңге.
Толық ақпарат алу үшін Сіз 2330 нөмірі арқылы Банктің Байланыс орталығына хабарласа аласыз.
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ