Құрметті клиенттер,
Біздің бас банкіміз «Al Hilal Bank PJSC», Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) және Union National Bank (UNB) банктерінің бірікеннін хабарлаймыз.
Бұл өте оң қадам. Бұндай үлкен масштаб Бізге қауіпсіздікті, қарапайымдылықты және тамаша қызмет көрсету тәжірибесін қамтамасыз ете отырып Сіздердің сұраныстарыңызды қолдап одан аса инвестиция салуға мүмкіндік береді.
«Al Hilal» Ислам банкі» АҚ ADCB-нің кеңейтілген тобында өзінің жеке брендімен жеке ислам банкі ретінде жұмыс істейтін болады. Осы бірігу нәтижесінде, сіз «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ -ның клиенті бола отырып өзіңізге көрсетіліп жатқан күнделікті қызмет көрсету дәрежесі өзгертілмейді. Біз бар филиалдар мен байланыс орталығымыз арқылы қызмет көрсетуді жалғастырамыз.
Егер сіз жаңа ADCB тобы және біріктіру туралы көбірек мәлімет алғыңыз келсе, біздің веб-сайтымыз: beyondambition.com кіруіңізды сұраймыз және де біздің клиенттерге қызмет көрсету менеджерлері мен Байланыс Орталығы барлық сұрақтарыңызға жауап бере алады.
Барлық клиенттерімізге жоғары сапалы қызмет көрсету біздің басты басымдықтарымыз болып қала береді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ таңдағаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз және ADCB тобымен серіктестігіміздің жалғасын асыға күтеміз.
Ізгі ниетпен,
«Al Hilal» Ислам банкі» АҚ