Құрметті Клиенттер,
Сізге 2020 жылғы 31 наурыз 2019 жылдың жеке салық декларациясын тапсырудың соңғы күні екенін еске саламыз.
Әдетте Сізде осындай декларацияны беру бойынша міндеттеме келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:
•Сіз Қазақстандағы көздерден төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алдыңыз (мысалы, жалға беруден түскен табыс, капитал құнының өсімінен түскен табыс, бағалы қағаздармен жүргізілген операциялардан түскен табыс және т. б.);
•Сіз Қазақстаннан тыс жерлердегі көздерден табыс алдыңыз (мысалы, шетелде жалға беруден түскен табыстар, капитал құнының өсімінен түскен табыстар, дивидендтер, сыйақылар және т. б.);
•Сізде келесі активтердің қандай болса да біреуі бар:
*2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шетелдік банк шоттарындағы 365, 025 теңгеден асатын сомадағы ақша;
*шет мемлекеттегі жылжымайтын мүлік;
*эмитенттері Қазақстаннан тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар;
*Қазақстаннан тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ