Құрметті Клиенттер,
Сіздерге жаңа жылдық мереке күндері «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ және оның филиалдары келесі режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз:
- 2020 жылдың 31 желтоқсанынды теңгелік төлем тапсырыстарын және валюталық бақылау үшін қажетті барлық құжаттармен қоса шетел валютасын аудару өтініштерін, сонымен қатар шетел валютасын сату және сатып алу өтініштерін қабылдау және депозиттерді орналастыру/мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдау, соның ішінде «Банк-Клиент» жүйесі бойынша жіберілген өтініштерді қабылдау, сағат 13:00 дейін жүзеге асырылады.
- 2020 жылдың 31 желтоқсанынды кассалық операциялар Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы филиалдарда 13:00 дейін жүзеге асырылады.
- 2020 жылдың 30 және 31 желтоқсанында исламдық қаржы құралдарына өтініштер, оның ішінде ішінара және/немесе мерзімінен бұрын төлеу және сауданы қаржыландыру өнімдері бойынша өтініштер қабылданбайды және орындалмайды.
- Ұлттық және шетелдік валютадағы кіріс төлемдер, Исламдық қаржыландыру аясында жоспарланған төлемдер және депозиттер бойынша төлемдер 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өңделеді.
- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 4 қаңтарына дейін Банк Клиенттер үшін жабық болады.
- 2021 жылдың 5 қаңтарында Банк Клиенттер үшін ашық болады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және сіздің түсінуіңізге үміттенеміз.
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ
|