Сіздің қалаңыз

Өзіңіздің қалаңызды немесе сізге жақын қаланы таңдаңыз

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Кері байланыс

Мұнда Сіз өз хабарламаңызды қалдыра аласыз.



Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

САТЫП АЛУ

Сату

USD
EUR
AED
413
484
112
418
491
114
Өтініш беру

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Жол жүру картасы
Онлайн қолдау





Алматы

Ұялы телефон
kz
ru en

Заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері хабарлама

Құрметті Клиенттер,

«Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 308 Жарлығына сәйкес  2020 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері және банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттары туралы» №50 Қаулысы күшіне енеді. 

Осы Қаулыға сәйкес заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде алатын қолма-қол ақшасының сомасы (теңге баламасындағы кез келген валютада) төменде көрсетілген мөлшерден аспауы тиіс:  
•шағын кәсiпкерлiк субъектiлері үшін 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден;
•орта кәсiпкерлiк субъектiлері үшін 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңгеден;
•ірі кәсiпкерлiк субъектiлері үшін 150 000 000 (жүз елу миллион) теңгеден.

Клиент қолма-қол ақша алуға өтінім берген уақытта және растаушы құжаттарды тіркеп, деректерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) беруге келісімін беріп, сонымен қатар банк МКК рұқсат алғанда ғана мөлшері жоғарыда көрсетілген шектеулерден асатын қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етіледі.

Жоғарыда көрсетілген шектеу заңды тұлғалардың мынадай санаттарына:
•микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты;
•ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты;
•осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерімен тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату субъектiлерi болып табылатын (экономикалық қзыметінің түрі анықталған) заңды тұлғаларға қатысты;
•Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттардан олардың қолма-қол ақшаны алуы кезінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық пошта операторына және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.

Осыған байланысты Банк бұл талаптарды ескеріп, қажетті құжаттарды, сонымен бірге www.elicense.kz сайтынан алуға болатын кәсіпкерлік санатын растайтын құжатты уақытында тапсыруды сұрайды.

Осы Қаулы 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған мерзімге дейін ға дейін қолданылады.

Құрметпен, 
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ

Бөлісу