Құрметті Клиенттер,
Сіздерге «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) банктік қызметтерді делдалдардың(заңды және жеке тұлғаларды) көмегіне жүгінбей, Банктің филиалдары арқылы ғана ұсынатынын хабарлаймыз:
• Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 77/7, Esentai Tower БО, 1 қабат;
• Астана қ., Сығанақ к-сі, 17Р үй, “Зеленый квартал” тұрғын үй кешені, Б13 блогы;
• Шымкент қ., Мәделі Қожа көш., 48 «Б».
Банктің мақұлдаған қаржыландыруы үшін Банктің нақты немесе әлеуетті клиенттерінен комиссия немесе басқа төлемдерді төлеуді сұрайтын болмаса белгілі бір төлем үшін Банктен қаржыландыру алып беруге уәде беретін тұлғаларға сенбеулеріңізді сұрайды.
Банк электронды пошта, SMS, WhatsApp және мессенджерлердің басқа түрлері арқылы мақұлданған қаржыландыру немесе басқа банктік қызметтер үшін комиссия ретінде ақшалай қаражат аудару туралы өтінішпен хабарламалар жібермейді.
Клиенттердің қолы қойылған қаржыландыру туралы өтініштер Банк тарабынан мақұлданғаннан кейін ғана Банк комиссияларды клиенттердің Банкте ашылған ағымдағы шоттарынан шығынға жазады.
Ақпаратты тек Банктің ресми ресурстарынан тексеріңіз:
• www.alhilalbank.kz сайты
• Instagram парақшасы @alhilalbank.kz
• Facebook парақшасы https://www.facebook.com/alhilalbank.kazakhstan
Ақпараттың дұрыстығына қатысты күмәніңіз болса, 2330 нөмірі бойынша біздің тәулік бойы жұмыс істейтін Байланыс орталығымызға хабарласыңыз.
Сіздерден қырағы және мұқият болуларыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам банкі» АҚ