Құрметті Клиенттер,
Банк Стратегиясының өзгеруін ескере отырып карточкалық өнімдерді жабу туралы шешім қабылданды.
Осыған байланысты келесі маңызды қадамдарды орындауыңызды сұраймыз:
1. Картаңызда қалған барлық қаражатты басқа шоттарға немесе Банктен тыс карталарға 2024 жылдың 1 маусымына дейін аударыңыз. Бұл карта өнімдерінің жабылуына байланысты кез келген түсінбеушіліктерді немесе қолайсыздықтарды болдырмауға көмектеседі.
2. Егер Сізде Al Hilal төлем картасын пайдалануға байланысты тұрақты төлемдер немесе басқа қызметтер болса, Al Hilal төлем картасының деректерін басқа төлем әдістеріне ауыстыру арқылы тиісті ресурстардағы төлем құралдары туралы ақпаратты жаңартыңыз.
Біз Сізге осы өзгеріске байланысты кез келген сұрақтарыңыз немесе қиыншылықтарыңыз бойынша көмектесуге дайынбыз.
Барлық сұрақтар бойынша 2330 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе Банктің жақын жердегі бөлімшесіне келіңіз.
Түсіністік пен ынтымақтастығыңыз үшін рақмет.
Құрметпен,
"Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ