Құрметті Клиенттер,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Банкте мақұлданған қаржыландыру үшін қолданыстағы немесе әлеуетті клиенттерден комиссия төлеуді өтінетін үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттері туралы хабардар болды.
Банк электрондық пошта, SMS, WhatsApp және мессенджерлердің басқа түрлері арқылы мақұлданған қаржыландыру үшін комиссия ретінде ақшалай қаражат аудару туралы өтінішпен хабарламалар жібермейтінін хабарлайды.
Банк комиссияларды шығынға жазуды – клиенттердің қолы қойылған қаржыландыру туралы өтініштер Банкпен мақұлданғаннан кейін ғана, Банкте ашылған клиенттердің ағымдағы шоттарынан тікелей дебеттеу жолымен жүзеге асырады.
Сақ болыңыз.
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам банкі» АҚ