Құрметті Клиенттер,
Сіздерге жаңа жылдық мереке күндері «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ және оның филиалдары келесі режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз:
- 2022 жылдың 30 желтоқсанынды теңгелік төлем тапсырыстарын және валюталық бақылау үшін қажетті барлық құжаттармен қоса шетел валютасын аудару өтініштерін, сонымен қатар шетел валютасын сату және сатып алу өтініштерін қабылдау және депозиттерді орналастыру/мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдау, соның ішінде «Банк-Клиент» жүйесі бойынша жіберілген өтініштерді қабылдау, сағат 12:30 дейін жүзеге асырылады.
- 2022 жылдың 30 желтоқсанынды кассалық операциялар Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы филиалдарда 12:30 дейін жүзеге асырылады.
- 2022 жылдың 30 желтоқсанында исламдық қаржы құралдарына өтініштер, оның ішінде ішінара және/немесе мерзімінен бұрын төлеу және сауданы қаржыландыру өнімдері бойынша өтініштер қабылданбайды және орындалмайды.
- Ұлттық және шетелдік валютадағы кіріс төлемдер, Исламдық қаржыландыру аясында жоспарланған төлемдер және депозиттер бойынша төлемдер 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін өңделеді.
- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 қаңтарына дейін Банк Клиенттер үшін жабық болады.
- 2023 жылдың 4 қаңтарында Банк Клиенттер үшін ашық болады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және сіздің түсінуіңізге үміттенеміз.
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ
|