Құрметті Клиенттер,
Біз сізге Қасиетті Рамазан айында 2021 жылғы 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ және оның бөлімшелері келесі тәртіппен жұмыс істейтінін хабарлаймыз:
- дүйсенбіден бейсенбіге дейін - сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін үзіліссіз;
- жұма күндері сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін, егер Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының Бас санитарлық дәрігерінің жамағатпен Жұма намазын оқуға тиісінше рұқсаты бар болса, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін Жұма намазына үзіліспен.
Рамазан айы кезінде Банк клиенттерімен жұмысты төмендегі тәртіп бойынша жүргізеді:
- Теңгемен жүргізілетін төлем тапсырыстарын және валюталық бақылау үшін қажетті барлық құжаттармен қоса шетел валютасындағы аударымға өтініштер ағымдағы валюталау күнімен, Вакала мен Мудараба инвестициялық депозиттерін орналастыру/бұзу өтінімдері, ағымдағы шот ашу туралы өтініштер, сонымен қатар «Банк-Клиент» жүйесі алынған өтініштер сағат 14:00-ге дейін қабылданып, орындалады.
- Күнбе күн есеп айырысатын шетелдік валютаны сатып алуға/сатуға берілген, сонымен қатар «Банк-Клиент» жүйесі бойынша алынған өтінімдер сағат 14:00-ге дейін қабылданады және орындалады.
- Клиенттердің Банкке сағат 14:00-ден кейін келіп түскен нұсқаулары келесі жұмыс күні өңделеді.
- Егер Клиент теңгемен жүргізілетін төлем тапсырыстарын Банкке «Банк-Клиент» жүйесі арқылы сағат 14:00-ден кейін жіберген болса, Клиент осы төлем тапсырысын келесі операциялық күні қайта жіберуі тиіс.
- Банк клиенттерінің пайдасына сағат 16:00-ге дейін қабылданған кіріс төлемдері мен аударымдары сол күні өңделеді.
- Қаржыландыру мәмілелерін өтеу үшін жіберілетін сомалар өтеу күні сағат 14:00-ге дейін ағымдағы шоттарда болуын қамтамасыз ету қажет.
- Валюталық бақылауға жататын кіріс төлемдері бойынша қажетті құжаттар сағат 15:00-ге дейін қарауға және өңделуге қабылданады.
- Келісімшарттың тіркеу нөмірін қабылдау, тексеру және тіркеу немесе келісімшартқа енгізілетін өзгерістерді/толықтыруларды, оның ішінде «Банк-Клиент» жүйесі бойынша қабылдау және тексеру жұмыстары сағат 14:00-ге дейін жасалады.
- Заңды тұлғаларды және жеке тұлғаларды қаржыландыру өтініштері сағат 14:00-ге дейін қабылданады.
- Сағат 14:00-ге дейін алынған шұғыл анықтама беру туралы сұратулар келесі жұмыс күні сағат 14:00-ге дейін орындалады.
- Сағат 14:00-ден кейін алынған шұғыл анықтама беру туралы сұратулар келесі жұмыс күні сағат 09:00-де алынды деп саналады да, тиісінше одан кейінгі жұмыс күні таңертеңгі 09:00-ге дейін орындалатын болады.
- Филиалдардағы кассалық қызметтер сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін көрсетіледі, ал жұма күндері Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының Бас санитарлық дәрігерлері жамағатпен Жұма намазын оқуға рұқсат берген болса, сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін көрсетіледі.
Түсіністігіңізге үміттенеміз
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ