Сіздің қалаңыз

Өзіңіздің қалаңызды немесе сізге жақын қаланы таңдаңыз

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Кері байланыс

Мұнда Сіз өз хабарламаңызды қалдыра аласыз.



Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

САТЫП АЛУ

Сату

USD
EUR
AED
413
484
112
418
491
114
Өтініш беру

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Жол жүру картасы
Онлайн қолдау





Алматы

Ұялы телефон
kz
ru en

Қаржыландыру өнімдері бойынша төлемдерді тоқтата тұру тәртібі туралы мәлімдеме

Құрметті Клиенттер,

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібін бекіту туралы» 2020 жылдың 26 наурызындағы № 167 бұйрығына сай Сіздерге 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 15 маусымына дейінгі кезеңде Банктің қаржыландыру өнімдері бойынша төлемдердің тоқтатылу тәртібі (бұдан әрі  - төлемдердің тоқтатылуы) туралы хабарлаймыз:

  • 2020 жылдың 16 наурызына дейін берілген қаржыландыру өнімдері бойынша төлемдерді кейінге шегеруге болады
  • Сіздің келісіміңізбен 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 15 маусымына дейінгі кезеңге қаржыландыру өнімдері бойынша төлемдер кейінге шегеріледі
  • Төлемдер тоқтатылған кезеңде артық төлем артпайды, кейінге шегеру үшін комиссия және өзге төлемдер алынбайды
  • Несие тарихы нашарламайды.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған клиенттерге:

  • Төлемдер Клиент себебін көрсетіп (карантиннің енгізілуіне байланысты уақытша жұмысқа жарамсыз болу; ақы төленбей еңбек демалысында жүруі; жұмыстан шығуы, еңбек шартын бұзуы немесе тоқтатуы; жалақысының немесе өзге кірістерінің төмендетілуі немесе төлеу тоқтатылуы; қызметкердің аумағында төтенше жағдай және (немесе) карантин қолданылатын жерге баруына (шығуына) шектеу қойылуына байланысты жұмыс орнында бола алмауы; қаржылық жағдайының нашарлауын куәландыратын өзге де себептер) өз еркінше жазған және Банкке 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 15 маусымына дейінгі кезеңнің кез келген сәтінде берген өтінімі негізінде тоқтатылады.
  • Өтінімді Банктің сайтындағы кері байланыс үлгісі немесе 2330 нөмірі бойынша Байланыс орталығы арқылы беруге болады, Банктің филиалына бару қажет емес.
  • Қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды беру талап етілмейді.
  • Банк өтінімді 10 жұмыс күні ішінде қарастырады. Егер Банкте Сіздің қаржылық жағдайыңыз нашарламағаны туралы ақпарат болса, Банк төлемдерді тоқтата тұрудан бас тартуы мүмкін екенін ескертеміз. Банк Сізге қабылданған шешім туралы хабарлайды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (ХӘОТ) жататын  клиенттерге, мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (МАӘКА),  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға:

  • төлемдер өтінішті, растайтын құжаттарды талап етпей және қаржыландыру шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймай тоқтатылады.
  • Банк Сізге төлемдердің тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Барлық сұрақтар бойынша 2330 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Байланыс орталығына немесе өзіңіздің жеке менеджеріңізге хабарласуыңызға болады.

Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам банкі» АҚ

Бөлісу