Абу-Даби, 23 шілде 2024: Abu Dhabi Commercial Bank PJSC ("ADCB" немесе "Топ") Шариғат талаптарына жауап беретін корпоративтік банк қызметтерін ұсыну үшін Қазақстанда хаб құру арқылы экономикасы 1,751 триллион АҚШ долларын құрайтын Орталық Азиядағы стратегиялық қатысуын кеңейтуде.
ADCB өзінің тәжірибесі мен ауқымды желісін пайдалана отырып, ірі инфрақұрылымдық жобалармен, өсіп келе жатқан ішкі және шетелдік инвестициялармен, бай табиғи ресурстармен және жас білікті жұмыс күшімен ынталандырылатын Орталық Азияның қарқынды экономикалық дамуына қатысатын компаниялардың өсу амбицияларын қолдайтын болады.
Қазіргі уақытта "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ ретінде белгілі ADCB Тобының Қазақстандағы еншілес компаниясы ребрендацияланады және ADCB ислам банк бөлімшесінің басқаруымен корпоративтік қаржылық өнімдер мен қызметтерді ұсынатын болады. Сонымен бір мезгілде ADCB қазіргі уақытта банктік қызмет көрсетудің баламалы нұсқаларына көшуде өзінің бөлшек клиенттеріне қолдау көрсете отырып, "Al Hilal" Ислам банкі "АҚ жүзеге асыратын Қазақстандағы өзінің бөлшек банк қызметін біртіндеп тоқтататын болады. Бұл реттеуші органдармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады.
ADCB Тобының бас директоры Алаа Эрайкат:"ADCB нің Орталық Азиядағы стратегиялық кеңеюі банктің өсуге бейілділігін және оның біздің корпоративтік клиенттеріміз үшін мүмкіндіктерді ашуға қабілеттілігін атап көрсете отырып, бетбұрыс кезеңді білдіреді. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Таяу Шығыс тың неғұрлым кең өңіріндегі біздің желімен бірге Қазақстандағы қатысуды кеңейтудің арқасында ADCB негізгі аймақтық экономикалық дәліздерде жұмыс істейтін компанияларды қолдау үшін бірегей мүмкіндіктерге ие. Біз сауда мен инвестициялық ағымдарға жәрдемдесуд е барған сайын елеулі рөл атқару үшін Банктің тәжірибесі мен ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігін асыға күтеміз ".
Қазақстандағы хабынан ADCB клиенттерге түрлі қаржылық құрылымдар мен қолма-қол ақша қаражатын басқару шешімдерін қоса алғанда, шариғат талаптарына сәйкес келетін корпоративтік банктік қызметтердің кең спектрін ұсынатын болады.
БАӘ-де жетекші банк болып табылатын ADCB, сондай-ақ Египетте тез дамып келе жатқан бизнесті басқарады және жақында Сауд Арабиясында стратегиялық қатысуын белгілеуге реттеуші органдардың рұқсатын алды.
БАӘ-де Al Hilal Bank шариғат талаптарына сәйкес келетін жетекші цифрлық бөлшек банк ретінде дамуға шоғырлануды жалғастырады. Al Hilal банкі 2019 жылы ADCB тобына қосылғаннан бері, ол клиенттерге бірегей ұсыныстарды ұсыну үшін озық цифрлық технологияларды енгізуді жеделдетті, сонымен қатар ADCB тобының ауқымы мен мүмкіндіктерінен пайда тапты.
ADCB — 2024 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша активтері 167 миллиард АҚШ долларын құрайтын БАӘ-дегі ең ірі банктердің бірі. Абу-Даби бағалы қағаздар биржасында («ADX») листингтен өткен ADCB Абу-Дабиден келген егемен инвестор Mubadala Investment Company акцияларының бақылау пакетімен бекітілген күшті акционерлік базаға ие. Жақында Fitch және S&P халықаралық рейтингтік агенттіктері ADCB рейтингтерін сәйкесінше «A+»/«A» деңгейінде растады, бұл ADCB-тің жаһандық ауқымдағы қауіпсіз және тұрақты банк мекемесі ретіндегі ұстанымын көрсетеді.
Қазақстандағы Al Hilal Ислам банкінің тарихы шариғаттың қағидалары мен қағидаттарына сәйкес инновациялық банк өнімдері мен қызметтерін ұсыну жөніндегі миссиясы бар елдегі және ТМД-дағы алғашқы ислам банкі ретінде құрылған 2010 жылдан бастау алады. ADCB 2019 жылы Al Hilal Bank сатып алу шеңберінде Қазақстандағы "Al Hilal" Ислам Банкі "АҚ сатып алды.