«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірге шағын және микро бизнесті қаржыландыру бойынша тиімді және ыңғайлы шешімдер
Қаржыландыру шарттары:
- Бизнес ҚР заңнамасына сай шағын кәсіпкерлік анықтамасына сай болуы тиіс (қызметкерлердің орташа жылдық саны 100 адамнан аспау керек, орташа жылдық табысы 300 мың АЕК аспауы тиіс). Бағдарламаға ЖК және ЖШС қатыса алады.
- Айналымға қатысты қойылатын талаптар жоқ. Банк қаржыландыру туралы шешім қабылдау үшін бизнестің және жобаның қаржылық жағдайына талдау жасайды.
- Экономиканың Шариғат ережелері мен қағидаттарына сай келетін кез келген саласы қаржыландырылады.
Негізгі талаптар:
- Қаржыландыру валютасы: теңге
- Қаржыландыру сомасы: 20 млн теңгеге дейін
- Қаржыландыру мақсаты: инвестициялар (жылжымайтын мүлік, құрал-жабдық, арнайы техника және көлік құралдары)
- Қаржыландыру мерзімі: 36 айға дейін
- Қаржыландыру мөлшерлемесі: жылдық 17.5%, оның ішіндегі 11.5%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаржыландырады
- Үстеме бағаны төлеу: тоқсан сайынғы төлемдермен
- Негізгі құнын төлеу: тоқсан сайынғы төлемдермен немесе мерзімнің соңында жасалатын бір реттік төлеммен (Банк шешеді)
Толық ақпарат және кеңес алу үшін Сіз қаржыландыруға өтінім жасай аласыз.