Вакала депозиті — тиімді инвестициялық құрал
Ислам банкіндегі депозит дегеніміз – бұл Клиенттің капиталына және Банктің білімі мен тәжірибесіне негізделген серіктестік.
Шариғат ережелері мен қағидаттарына сәйкес Клиент өз қаражатын Банктің басқаруына сеніп тапсырып, инвестор ретінде әрекет етеді, ал Банк мұқият іріктелген жобаларға инвестициялап, кейіннен пайданы Клиентпен бөліседі.
Корпоративтік клиенттер үшін Вакала депозиті бойынша шарттар мен мөлшерлемелер жеке тағайындалады.
Банк Вакала келісімі бойынша Клиенттің атынан қызметін жүзеге асырған кезде Клиенттің мүдделеріне сай әрекет етуге міндеттенеді: активтерді адал және өзінің осындай мәмілелерін жүзеге асырғандай тәртіпте мұқияттылықпен басқарады.
Міндеттемелерді адал емес орындаған жағдайда немесе Клиенттің мүдделеріне қатысты қасақана немқұрайлылық танытқан жағдайда, Банк күтілген пайда мен қаржыландыруға жұмсалған шығындарды қоспағанда, Вакала келісімі бойынша Банктің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан Клиентке келтірілген барлық іс жүзіндегі шығындар мен жұмсалымдарды өтеп беруге міндетті.