Құрметті Банк Клиенті,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ сізге өз құрметін білдіре отырып, сізге төмендегілерді хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 93 Қаулысымен (бұдан әрі – «Қағидалар») бекітілген.
Сіздің назарыңызды Қағидаларға шетел валютасын уәкілетті банктердегі өзінің шоттарына есепке алу және (немесе) аудару өзгерістер енгізілгені, сондай-ақ баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінім толтырған кезде жаңа талаптар қарастырылғанына аударамыз.
Сіздің назарыңызға Қағидалардың 19-23 тармақтарының жаңа редакциясын ұсынамыз.
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Резидент-заңды тұлғалар (уәкілетті банктерді қоспағанда) шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын елу мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомаға сатып алады.
Шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға шетел валютасын шетел банктеріндегі өзінің шоттарына аудару, шетел валютасындағы өтеусіз ақша аударымдары, сондай-ақ шетел валютасын уәкілетті банктердегі өзінің шоттарына есепке алу және (немесе) аудару жатады.
20. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) елу мың АҚШ долларынан баламасы асатын сомада ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетеді, сондай-ақ өтінімге валюталық шарттың көшірмесі мен шотты не орындау үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынатын төлемге арналған өзге құжатты қоса береді. Бұл ретте резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімге уәкілетті банкке оны сатып алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәлімделген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, осы валютаны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сату нұсқауын қоса береді.
Қағидалардың осы тармағына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетел валютасындағы міндеттемелерді орындаумен байланысты емес мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді.
Егер валюталық шартқа есептік нөмірді алу талабы қолданылатын болса, онда есептік нөмір тағайындау туралы белгімен немесе тіркеу куәлігінің көшірмесімен, немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесімен бірге валюталық шарттың көшірмесі ұсынылады.
Уәкілетті ұйымдардың уәкілетті банктен ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған қолданыстағы лицензия және оған қолданыстағы қосымшаның (қолданыстағы қосымшалардың) негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) осы резидент-заңды тұлға өзінің акционерлері, құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірісті немесе оның бір бөлігін төлеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде уәкілетті банкке Қағидалардың 20-тармағында көзделген нұсқауды ұсыну талап етілмейді.
Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың
20-тармағына сәйкес міндеттемелерді орындау қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде басталатын шарт сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын алынған сыртқы қарыздар және шығарылым проспектісіне сәйкес номиналдық сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын шетел валютасында шығарылған облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті алдындағы шетел валютасындағы міндеттемелерін өтеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде резидент-заңды тұлға тиісті шетел валютасында жекелеген банктік шотты ашуға өтінішті, уәкілетті банкке сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын шетел валютасындағы жеке шотқа есепке алу нұсқауын, уәкілетті банкке сатып алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде оны мәлімдеген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, кейінгі үш жұмыс күні ішінде осы валютаны ұлттық валютаға сату нұсқауын, сондай-ақ міндеттемелерді орындау сомасы мен мерзімін растайтын құжаттарды (кредиттік шартты және төлем кестесін, өзге құжаттарды) қоса береді. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлға сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын жекелеген банктік шотқа есепке алады және оны резидент-заңды тұлға мәлімделген мақсатқа қана пайдалануын қамтамасыз етеді.»;
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Резидент-заңды тұлғаның (уәкілетті банкті қоспағанда) елу мың АҚШ долларынан астам баламасындағы сомаға ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімін орындау кезінде уәкілетті банк өтінімде көрсетілген қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын валюталық шартпен және шотпен не шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын растайтын өзге төлем құжатымен, сондай-ақ осы валюталық шарт негізінде Қағидаларға сәйкес бұрын жүзеге асырылған ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу туралы қолда бар мәліметтерімен салыстырып тексерді.
Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ақшасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы валюталық шарт сомасынан асып кетуіне жол берілмейді. Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ашасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы резидент-заңды тұлғаның өтінімдері және (немесе) басқа уәкілетті банктердің осы валюталық шарттың шеңберінде жүзеге асырылған шетел валютасын сатып алу ақпараты негізінде есептеледі.
22. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынған бұрын ресімделген өтінімге Қағидалардың 20-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес ресімделген қосымша өтінімді уәкілетті банкке ұсынған кезде Қағидалардың 20-1 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға пайдалануға рұқсат беріледі.
Резидент-заңды (уәкілетті банкті қоспағанда) тұлға валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерін орындау мақсатында Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бұрын сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа уәкілетті банктегі өзінің шотына аударған кезде уәкілетті банк ақшаны аудара отырып бірмезгілде басқа уәкілетті банкке бұдан әрі валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Қағидалардың
20-тармағына сәйкес бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасы туралы ақпаратты жолдайды.
23. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлғаның (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 19, 20, 20-1 және 22-тармақтарына сәйкес ресімделген ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімін, сондай-ақ егер:
резидент-заңды тұлғаның өтінімі және (немесе) басқа уәкілетті банктердің шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылғаны туралы ақпараты негізінде есептелген бір валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы осындай валюталық шарттың және шоттың не төлемге арналған өзге құжаттың сомасынан асып кетсе;
бір резидент-заңды тұлға бір уәкілетті банк арқылы резидент-заңды тұлғаның өтінімі негізінде есептелген шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір жұмыс күніндегі ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, орындауға қабылдамайды.»;
Қағидаларға енгізілген жоғарыдағы өзгертулер 2020 жылдың 07 тамыздан бастап күшіне енді.
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ