Құрметті Клиенттер,
Біз сізге Қасиетті Рамазан айында 2023 жылғы 24 наурыз бен 20 сәуір аралығында «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ және оның бөлімшелері келесі тәртіппен жұмыс істейтінін хабарлаймыз:
- дүйсенбіден бейсенбіге дейін - сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін үзіліссіз;
- жұма күндері сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін Жұма намазына үзіліспен.
Рамазан айы кезінде Банк клиенттерімен жұмысты төмендегі тәртіп бойынша жүргізеді:
- Теңгелік төлем тапсырыстарын және валюталық бақылау үшін қажетті барлық құжаттармен қоса шетел валютасын аудару өтініштерін, сонымен қатар шетел валютасын сату/сатып алу және Вакала мен Мудараба инвестициялық депозиттерін орналастыру өтініштерін қабылдау, клиенттің банктік шот ашу туралы өтініші соның ішінде «Банк-Клиент» жүйесі бойынша жіберілген өтініштерді қабылдау сағат 14:00-ге дейін жүзеге асырылады. Банкке сағат 14:00-ден кейін келіп түскен клиенттердің жоғарыдағы нұсқаулары келесі жұмыс күні өңделеді.
- Сағат 14:00-ден кейін Банкке «Банк-Клиент» жүйесі арқылы жіберілген теңгелік төлем тапсырыстарын қайта жіберу қажет. Банктің Операциялық Департаменті сағат 14:00-ден кейін түскен және келесі операциялық күні орындалуға тиісті төлем тапсырыстарының нөмірін көрсете отырып мәлімдеме хатын жібереді.
- Сағат 16:00-ге дейін Банк клиенттерінің пайдасына қабылданған кіріс төлемдері мен аударымдары сол күні өңделеді. Қаржыландыру мәмілелерін өтеу үшін жіберілетін сомаларды, өтеу күнінің сағат 14:00-не дейін ағымдағы шотта қамтамасыз ету қажет.
- Валюталық бақылауға жататын кіріс төлемдері бойынша қажетті құжаттар қарауға және өңделуге сағат 15:00-ге дейін алынады.
- «Банк-Клиент» жүйесі арқылы жіберілген сұраныстарды қоса отыра, келісім шарттың тіркеу нөмірінің қабылдануы, тексерілуі және тіркелуі немесе келісім шартқа жасалатын өзгерістер/қосымшалардың қабылдануы және тексерілуі сағат 14:00-ге дейін жасалады.
- Заңды тұлғаларды және жеке тұлғаларды қаржыландыру өтініштері сағат 14:00-ге дейін қабылданады.
- Шұғыл анықтамалар үшін 14:00-ден бұрын қабылданған сұраулар келесі жұмыс күні сағат 14:00-ге дейін орындалады.
- Шұғыл анықтамалар үшін 14:00-ден кейін қабылданған сұраулар, келесі жұмыс күні 09:00-ге дейін қабылданған болып саналады және бұл сұраулар одан кейінгі жұмыс күні таңғы 09:00-ге дейін орындалады.
- Банк филиалдарындағы кассалық қызметтер сағат 09:00-ден 14:30-ге дейін көрсетіледі.
- Жұма күндері, күнбе күн орындалатын төлем тапсырыстарының қағаз нұсқаларын қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Түсіністігіңізге үміттенеміз
Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ