Al Hilal Ислам Банкі АҚ Исламдық банкинг пионері номинациясында Global Islamic Finance Awards (GIFA) сыйлығына ие болды. Бұл жылы GIFA марапаттау рәсімі Астанада өтті. Бұл сыйлық исламдық банкинг және қаржы саласындағы ең беделді марапаттардың бірі болып саналады.
Global Islamic Finance Awards сыйлығы жыл сайын исламдық банкинг саласындағы дүниежүзілік ең үздік іс-тәжірибелерді белгілеп отырады. Осы ретте шешімдер қабылдау үрдісі толықтай тәуелсіз және ешбір алалықсыз өтуі қамтамасыз етіледі. Бұл сыйлықтың жоғары мәртебесінің көрсеткіші.
GIFA сыйлығының тізілімінде активтерді басқару, корпоративтік құқық, IT, әлеуметтік жауапкершілік, капитал нарығы, білім және т.б. осы секілді салалардағы номинациялар бар. Үміткерлерді іріктеу әдістемесін Лондонда орналасқан Edbiz Consulting Limited халықаралық исламдық қаржылық кеңес беру фирмасы жүргізеді. Осы әдістеменің негізі кешендік зерттеу болып табылады, мұнда үміткерлер екі әдіспен анықталады. Біріншісі, өздігінен қатысуға өтінім берген салалық компаниялар арасында үміткерлерді іріктеуді білдіреді. Екінші әдіс аясында Edbiz зерттеушілер тобы Номинациялар жөніндегі комитетке қатысушылардың тізімдерін тапсырады. Бұл жеке ұйымдар, сондай-ақ, исламдық банкингтің дамуына айрықша үлесін қосқан танымал тұлғалар болуы мүмкін. Осылайша, 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев GIFA сыйлығының лауреаты атанды.
Біздің банк 7 жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы исламдық банкингтің жаңа мүмкіншіліктерін ашып келеді. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету нарығына шығуымызға орай бұл сыйлық біз үшін аса мәнді болып отыр. Қазақстандағы исламдық банкингтің флагманы ретінде біз болашақта да ең жоғары қызмет көрсету стандарттарын ұстануға талпынамыз, - дейді Al Hilal Ислам Банкі АҚ Басқарма төрағасы Гордон Хаскинс